15 Қараша, 2011

Бас ұйыммен байланыс көрінісі

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада еліміз Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД мемлекеттері Аумақтық бюросының директоры К.Удовичкимен кездесу өткіз­ді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстан мен БҰҰ Даму бағ­дарламасы арасындағы табысты ынтымақтастықты атап өткен әңгі­ме­лесуші тараптар, осы өзара әре­кеттесуді одан әрі қарай да­мы­туға өз ниеттерін жеткізді. Е.Қазыханов Қазақстан Үкі­меті мен БҰҰ-ның бастама­ларын­дағы ұқсастығын және Қа­зақстанда жү­зе­ге асырылып жат­қан біріккен бағ­дарламалар мен жобалардың тиім­ді іске асуын­дағы өзара әре­кеттесуі бойынша БҰҰ көрінуін атап кетті. 1993 жылдан бастап БҰҰ ДБ-мен бірге Қазақстанда 123 жоба жүзеге асырылғаны, ал осы уақытта 30 жоба іске асу үстінде екендігі мәлім болды. Әңгіме барысында Қазақстан­ның Алматы қаласын көп жақты дипломатияның субаймақтық ор­та­лығына айналдыру жобасы Қа­зақ­стан мен БҰҰ ынты­мақ­тастығын жаңа сапалы дәрежеге көтеруге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Осы­ған орай, отандық СІМ бас­шысы әңгімелесушіге, мемлекет тарапынан «Алматыда барлық халықаралық ұйым­дар­дың аумақ­тық өкілдіктерінің өз қызметтерін сәтті жүргізуіне және жайғасуына барлық жағ­дайы бар» деп сендірді. Е.Қазыханов Алматы қала­сына БҰҰ-ның аумақтық орта­лы­ғы бейресми мәртебесін беру аумақтық және субаймақтық жо­балардың іске асырылуына, со­ны­мен бірге, Орталық Азия халықтарының өр­кендеуі мен аумақтық ынтымақ­тастығын ны­ғайтуға мүмкіндіктер туғызар еді деген сенім білдірді. Қазақстан 2017-2018 жыл­да­ры БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшелігіне сай­ла­ну­ға ықылас танытуда.