«Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 27 қазандағы «Қарнымның ашқаны емес, қадірімнің қашқаны қинайды» атты мақала менің қолыма қалам алдырды.
Мақала авторы біздің Шет ауданы әкімі қызметін нарыққа өтпелі кезеңнің ең қиын уақытында, 1997-2005 жылдарда атқарған. Кәкімжан Сарханов ауданды электр энергиясымен қамтамасыз ету жағдайы тығырыққа тірелген кезде оны тығырықтан шығару мәселесінде көп жұмыс атқарды. Кәсіпкерлік жұмысқа енді кіріскен мені шақырып, осы мәселені шешу жөніндегі өз ойын айтып, маған электр энергиясымен қамтамасыз ететін жаңа құрылмақшы кәсіпорынға басшылық етуді ұсынды (жоғары білімдімін, кезінде аудандық агропромтехника кәсіпорынын басқарғанмын). Бүгінде толық мақсатына сай тұтынушыларға қызмет етіп отырған құрылымның қызметін қалыптастыру кезеңінде аудан әкімі түрлі қиындықтарды шешуге менімен бірдей араласатын десем артық айтқандық емес. Кәкімжан Ахмеджанұлының қызметтегі ерекшелігі қарапайымдылығы, сауаттылығы, іскерлігі деп айтар едім. Жалғыз мен ғана емес, аудан халқы да бүгінге дейін бұл кісінің ауданға басшылық жасағандағы азаматтық, әділдік, тағы басқа қасиеттерін айтып отырады, әсіресе, кейінде ауданға басшылыққа келген азаматтардың қызметтерімен салыстырып жиі еске алады. Осыған орай, мені таңғалдырғаны осындай егемен еліміздің қалыптасу кезеңінде (ол кезде бүгінгідей әкімдік қызметке ұмтылыс болған жоқ) мемлекеттік басқаруда қажымай еңбек еткен азаматтардың бүгінде елімізге керексіз болуы және жоғары лауазымды шенеуніктердің өтініш білдіруші азаматтарға жауапсыз, салғырт қарауы болып отыр. Айналып келгенде бұл мемлекеттік билікке бедел әперетін жағдай емес. Құрманғазы ӘМІРОВ, «Шет-Энерго» ЖШС директоры, кәсіпкер. Қарағанды облысы, Шет ауданы.Жамбылдық онкологтар пациенттен салмағы 6 келі ісікті сәтті алып тастады
Денсаулық • Бүгін, 02:53
Әбиба Әбужақынова Олимпиада жүлдесін алмай, спортпен қоштаспайтынын мәлімдеді
Спорт • Бүгін, 02:26
Қамшыбек Қоңқабаев испаниялық қарсыласынан жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 01:25
Париж-2024: Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 00:45
Алдағы үш күн бойы қатты ыстық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше