Аймақтар • 12 Қаңтар, 2018

Атырау облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы 173 тұрғын кәсіп бастады

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы жаңа бизнес жобаларды жүзеге асыру мақсатында 900 миллион теңгеге жуық ақша бөлінді,-деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы 173 тұрғын кәсіп бастады

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында 2017 жылы: «Бастау Бизнес» жобасы бойынша  750 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 51 млн. теңге, 137 адамға шағын несие беруге 840 млн.теңге, шағын несиелерді кепілдендіруге - 97,6 млн.теңге және операциялық шығындарды субсидиялауға - 9,1 млн.теңге бөлінді.

2017 жылы барлығы 173 адамға, 900 млн. теңгеге жуық несие берілді. Аталған бағыт шеңберінде халықты несие беру тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары барлық ауылдық, кенттік округтарда мүдделі басқармалар мамандарының және қаржы ұйымдарының қатысуымен жүргізілді.