«Фонарь жағып қарасақ, құдықтың тереңдігі 3-4 метрдей екен. Жомарт дереу көліктен тросс әкелді. Беліме байлап төменге түстім. Бізді байқаған кісілер де тағы бір жіп алып көмекке келіп жатты. Олардан дереу жедел жәрдем шақыруын өтіндік. Екінші тростың көмегімен апайды бірінші жоғарыға шығарып жібердім. Елулер шамасындағы кісі екен, үсті малмандай су болыпты. Отбасы, бауырына да хабарласып айттық» дейді ефрейтор Мақсат Аманқұл.
Естеріңізге сала кетейік, сол күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылғанына 26 жыл толған болатын. Кәсіби мерекеде, қызметтен тыс уақытта қала тұрғынына қорған бола білген екі жауынгер аталмыш әскери бөлімде екі жылдан аса уақыт қызмет етіп келеді.
Інісінің айтуы бойынша, Аққоян Төлепбергенованың денсаулығы дұрыс. Медициналық тексеріс нәтижесінде оның ауыр жарақат алмағаны анықталды. Тек тереңдікке құлағаннан денесінің әр тұсына қан ұйып (гематома) қалған. «Телефоным судан істемей қалыпты. Көмекке кімді, қалай шақырар едім? Құтқарып үлгеруші ме еді... Оны ойлаудың өзі қорқынышты. Сарбаздарға көп рахмет! Жолдары ашық болсын деп батамды берем, бар жақсылықты тілеймін» дейді Аққоян Олжабайқызы дер кезінде қажетті жерден табылған ұландықтарға алғысын жаудырып.