17 Қараша, 2011

Мерейлі мерекеге тартулар көп

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шалғайдағы  Үржар ауданы­ның тұрғындары ел Тәуелс­із­ді­гі­нің 20 жылдығын лайықты тартумен қарсы алуда. Жақында өңір басшысы Б.Сапарбаев аталмыш ауданда болған кезде бірқатар әлеу­меттік маңызды ғимарат­тар­дың ашылуына қатысты. Қытай­мен шекаралас Бақты ауылында «Жол картасы» бойынша салын­ған екі қабатты дәрігерлік амбу­ла­торияға 20 миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Б.Сапарбаев мекеме басшысына «УАЗ» автокөлігінің кілтін тапсырды. Сол күні аймақ басшысы тәу­елсіздіктің 20 жылдығына арнал­ған Тәуелсіздік алаңы және «Балауса» балабақшасын салтанатты жағдайда ашты. Ал Науалы ауы­лын­да Тәуелсіздік мерекесі қар­са­ңын­да 320 орындық мектеп пай­да­ла­ну­ға беріледі. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Шығыс Қазақстан облысы.
Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше