17 Қараша, 2011

Марапатқа ұсынылды

351 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Еліміздің полиция қызметкер­лері қыл­мыскерлерді ұстауда жан аямай қызмет істеп, өз міндеттерін адал атқарып келеді. Оған қазір дәлел көп. Бірқатары қыл­мыс­керлерді ұстауда ерлікпен қаза тапты. Соған орай қару­ланған қылмыскерді қолға түсіру кезінде қайсарлық пен батырлық танытқаны үшін Жамбыл об­лысы ІІД-нің 7 қызметкерін, оның ішінде үшеуін (марқұм болған) Қа­зақстан Республика­сының мемлекеттік наградалары­мен марапаттау туралы ұсыным­хат жіберілді, дейді ІІМ ресми өкілі Н.Ораз. Қыз­меттік міндеттерін орын­дау кезінде қайсарлық пен батырлық көр­сеткені үшін Алматы қаласының ІІД патрульдік полиция полкінің 2 қыз­меткері (марқұм болған) мемлекеттік наградаға ұсынылды. Үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде ІІО-ның 71 қызметкері қаза бол­ған, оның ішінде 18 қызмет­кер – қызметтік міндетін орын­дау кезінде, 9 қызметкер  – қыл­мыс­керлерді қолға түсіру кезінде. Жылдың басынан бастап ІІО-ның 15 қызметкері, оның ішінде екеуі (марқұм болған) мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сонымен бірге Ішкі істер министрлігі ішкі істер орган­дары­ның барлық аумақтық бөлі­ніс­теріне Таразда және Алматыда қаза болған полиция қызметкер­лерінің отба­сына, сондай-ақ жара­ланғандарды емдеу үшін ма­териалдық көмек көрсету туралы хат жолдаған. Ішкі істер орган­дарының жеке құрамы қаза тапқан қызметкерлердің отбасы­ларына көмек көрсету ретінде бір күндік жалақыларын аудар­мақ­шы. Бұған қоса, қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған қызметкерлердің отбасы­ла­рына жерлеу үшін 3 айлық ақшалай қара­жат, ал алты ай өткеннен кейін (мұрагерлік құқығы күшіне енген соң) 60 айлық қаражат бө­лінеді. Жарақат алған қызмет­кер­лерге оларды оңалту үшін жәр­демақы бөлінеді, дейді ресми өкіл. Ал елімізде өткен апта ішінде ғана 3448 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2042 қыл­мыс және бұрын жасалған 581 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар са­натындағы 19 қылмыс ашылған. Іздеу жарияланған 88 қыл­мыс­кер іздестіріліп, табылып, 5 қару тәр­кіленген. Есірткінің заңсыз ай­налы­мына байланысты 42 қыл­мыс анықталды, оның ішінде  18 сату фактісі. 8,5 келіден аса есірткі заты алынды. Мә­селен, Алматы облысының полицейлері Талғар қаласы­ның тұрғыны 34 жастағы келіншекті өлтіру қылмысын ашты. Пышақ жарақаты бар оның мәйіті  қа­раша айында пәтерінде та­былған еді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысты пайдақорлық мақ­сат­та жасаған 27 және 30 жастағы екі тұр­ғын қолға түсті. Олар жасырын жә­бір­лену­шінің үйіне кіріп, ұр­лық жасап жатқанда жәбірленуші ұй­қы­сынан оянып кеткен. Күдік­тілер келіншекті өлтіріп, оқиға орны­нан бой тасалап үлгірген. Сол сияқты Алматы қаласында қазан айының ортасында тұрғын үйдің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 56 жастағы жергілікті әйел адамның мәйіті табылған бола­тын. Арнайы және жедел-іздестіру іс-шараларын өт­кізу бары­сында 48 жастағы жергілікті тұр­ғын ұсталды. Қылмыстың орын алуына ішімдік ішу салдарынан жәбірленуші мен күдіктінің ара­сында шық­қан ұрыс-керіс түрткі болған. Қыл­мыстың ізін жасыру үшін кү­дікті мәйітті үйдің жертөлесіне жасырып тастаған. Александр ТАСБОЛАТОВ.
Соңғы жаңалықтар

Берекелі грант

Қоғам • Кеше