АҚШ-та Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шетелдердің Ұлттық кітапханаларында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығын ашу халықаралық жобасын іске асыруда. Қазіргі кезде Қытай Халық Республикасының Ұлттық кітапханаларында, Кореяда, Жапония мен Италия, Македония, Финляндия, Түркия, Венгрия сияқты әлемнің 17 елінде орталық жұмыс істейді.

Егемен Қазақстан
17.01.2018 2985

2018 жылдың 19-23 қаңтар аралығында АҚШ Конгресс Кітапханасы мен Нью-Йорк қаласындағы көпшілік кітапханасына Қазақстан жайында кітап тапсыру және Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығының салтанатты түрде ашылуы өтеді. Осы іс-шара мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) ресми сапары аясында жүргізіледі.

Іс-шара Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Хозеұлы Қазыханов, Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулы Әбдрашов Жәнібек Жарасқанұлы, АҚШ Конгресс Кітапханасы мен Нью-Йорктік көпшілік кітапханасының Бас директоры Энтони Маркс, қоғамдық және шығармашылық зиялы қауым, студенттер мен Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Ұлттық-мәдени Орталығындағы қазақстандық диаспора өкілдерінің қатысуымен өтеді.

АҚШ-тың Конгресс кітапханасы мен Нью-Йорк қаласының көпшілік кітапханасы әлемнің үздік ғылыми кітапханалары болып табылады, бай тарихымен және салт-дәстүрімен, бірегей, раритеттік басылымдармен, қорлары арқылы бүкіл әлем мен кеңістіктегі оқырмандарға қызмет көрсете алады.

Қазақстан әдебиеті орталығының ашылуы АҚШ астаналық орталық кітапханасы оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның экономика, саясат, әлеуметтік салалардағы табыстарын көпшілікке таныстыруға жол ашады.

Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, соның ішінде, Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеті бойынша кітаптар ұсынылады. Барлығы 400 ден астам кітап тапсырылады. Бұл кітаптар американдық оқырмандары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, қазақтың бай мәдени мұрасын тануға  мүмкіндік берері сөзсіз. 

Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің ықпалдасуымен ашылады.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

21.05.2018

Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы дөңгелек үстел өткізді.

21.05.2018

Қарақиялық оқушылар арасында «Жас құтқарушы» сайысы өтті

21.05.2018

Солтүстік Қазақстанда өрт сөндіру  көпсайысынан аймақаралық чемпионат өтті

21.05.2018

Солтүстік Қазақстан шенділері тегін үйлерді туыстарына үлестірген

21.05.2018

Академик Түймебай Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

21.05.2018

Петропавл әкімдігінің әрекеті тұрғындарды таң қалдырды

21.05.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен біріншілік өтті

21.05.2018

Алматыда «Музей түні» өтті

21.05.2018

Әлем чемпионатында қазақстандық муайтай шеберлері 7 медаль иеленді

21.05.2018

Қостанайда орманда от жаққандарға айыппұл салынады

21.05.2018

Семейде журналист, жазушы Дәулет Сейсенұлының «Жәнібек ән салады...» пъесасы сахналанды

21.05.2018

Шәмші шығармалары шырқалды

21.05.2018

Ғасыр әдісі (сурет сыры)

21.05.2018

Латын әліпбиімен диктант жазды

21.05.2018

Таңғажайып тас

21.05.2018

Нәсір көкемнің өкпесі

21.05.2018

Қатты қалдықтарды қайта өңдеу – заман талабы

21.05.2018

Көпір құрылысы аяқсыз қалмайды

21.05.2018

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жетілдірген жөн

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу