Аймақтар • 18 Қаңтар, 2018

«Мақсұт» кен орны­ колледж түлектерін жұмыспен қамтиды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай ауданы аумағында орын тепкен «Мақсұт» кен орнын­да бірнеше жылдан бері мыс, мырыш концентранты өндіріліп жат­қаны белгілі. Өткен жылы 400 мың тоннадан астам концентратты игерген кәсіпорын биыл бұл көрсеткішті 1 миллион тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. 

«Мақсұт» кен орны­ колледж түлектерін жұмыспен қамтиды

Маңыздысы сол, кен орнының басшылығы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданның қоғамдық-саяси, мәдени өміріне белсене араласып, өз үлестерін қо­суға ниетті. Осы мақсатта жа­қын­да аудан әкімі Жарқынбек Бай­сабыров пен «БАСТ» АҚ президенті В.Ипатов кездесіп, екі­жақты ынтымақтастық келі­сіміне қол қойды. Алдағы уа­қытта Абай колледжін дә­не­керлеуші, құрылыс маманы, слесарь, тракторист-машинист, аспаз мамандықтары бойынша тәмамдаған студенттер аталмыш кен орнынан іс-тәжірибеден өтіп, жұмыспен қамтамасыз еті­летін болады. Сонымен қатар өндіріс орнының филиалы Абай ауданына тіркеуге тұрып, заң аясында салық түсімдерін толық аударып отыруға міндеттелді.

«Бұл меморандум Абай ауданының тұрғындарын және жергілікті кәсіптік білім беретін Абай колледжінің түлектерін жұмыспен қамтуға зор мүмкіндік тудырып отыр. Аудан бюджетін құрайтын салық түсімдері де артып, алдағы уақытта «БАСТ» АҚ «Туған жер» бағдарламасы аясында демеушілік жасап, қол ұшын созуға ынталы екендігін айтты», дейді аудан әкімі Ж.Бай­са­быров.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Абай ауданы