Қазақстан • 18 Қаңтар, 2018

Президент Даррен Вудспен кездесті

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нью-Йорк қаласында «ExxonMobil» компаниясының бас атқарушы директоры Даррен Вудспен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Даррен Вудспен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстан мен «ExxonMobil» компаниясы арасында мұнай-газ саласында қалыптасқан экономикалық серіктестікті айрықша атап өтті.

Қазақстан Президенті бұл компанияның Теңіз және Қашаған мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобаларға атсалысып отырғанын айтты.

Д.Вудс Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының басталуымен және АҚШ Президенті Д.Трамппен өткен келіссөздердің табысты болуымен құттықтады.