Президент • 18 Қаңтар, 2018

Елбасы Нью-Йоркте «Қазақстан Астана Балет Гала» концертіне барды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Линкольн орталығында өткен «Астана Балет» театрының концертіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Нью-Йоркте «Қазақстан Астана Балет Гала» концертіне барды

«Астана Балет» театры «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясындағы «Қазақстан Астана Балет Гала» бағдарламасын ұсынды.

Бағдарламаға «Арулар», «Ақ қыз», «Әсемқоңыр» хореографиялық миниатюралары, «Щелкунчик» балетіндегі адажионың классикалық редакциясы және басқа да қойылымдар енген.