Аймақтар • 18 Қаңтар, 2018

Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорсыз қалды

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық дін істері басқармасына қарасты дін мәселелерін зерттеу орталығы директорсыз қалды деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорсыз қалды

Осы орталықтың директоры Нұржан Тұрсынбай сот шешімімен қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Нұржан деген азаматтың анайы әрекеті әлеуметтік желіге шығып кеткеннен кейін Нұржан Тұрсынбай істің ақ-қарасы анықталғанша өз еркімен жұмыстан кеткен. Ол әлеуметтік желідегі азаматтың өзі еместігін сотта дәлелдеген болатын. Алайды, кейін сот шешімімен бұрынғы жұмысына қайта оралғанымен ұжымы қарсы шықты. Оның басқару тәсіліндегі алақолдыққа арызданып, басшыға лайық еместігін айтқан.

Сондықтан, облыстық дін істері басқармасы Қаратау аудандық сотының шешіміне аппеляциялық шағым түсірген. Облыстық сот басқарма талабын дұрыс деп таныды.

Сондай-ақ, Нұржан Тұрсынбайдың 1 маусымнан бастап 123 күн бос жүрген уақытына 643 613 теңге жалақы өндіріп беру күшінде қалды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы