(1) «Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ Жарғысына сәйкес халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы өзінің басты жауапкершілігін, сондай-ақ барлық мемлекеттердің саяси тәуелсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын сыйлауға беріктігін және мемлекеттердің халықаралық құқық бойынша өз міндеттемелерін сақтауы қажеттігін қоса алғанда, Жарғының мақсаттары мен қағидаттарын сақтау ісіне беріктігін растайды.
(2) «Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мандаты аясында орнықты бейбітшілікті қамтамасыз етуге ұмтылысын жалғастырудың және Біріккен Ұлттар Ұйымының 100 жылдығына қарай зорлық-зомбылықты қақтығыстардан ада әлемге қол жеткізудің, сондай-ақ осы жолдағы жалпы проблемалар мен мүмкіндіктерді басқарудың маңызды екенін атап көрсетеді.
(3) «Қауіпсіздік Кеңесі әлем бойынша түрлі географиялық аудандарда шиеленістердің саны өсіп келе жатқанына алаңдаушылық білдіреді және олардың алдын алу және шешу үшін шиеленістердің аймақтық аспектілеріне ерекше көңіл бөле отырып, өңірлік дипломатия мен уағдаластықтарға екпін салу арқылы екі есе күш жұмсау қажеттілігіне айрықша назар аударады.
(4) «Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін кез келген дауға қатысушы тараптар дауды бірінші кезекте өзара келіссөздер, зерттеу жүргізу, араағайындық, татуласу, арбитраж, сотта қарау, аймақтық органдарға немесе келісімдерге жүгіну арқылы немесе өз таңдауы бойынша басқа да бейбіт жолды таңдай отырып шешуге тырысу қажеттігін еске салады және осындай тараптарды өз дауларын осындай құралдар арқылы реттеуге табанды түрде шақырады.
(5) «Қауіпсіздік Кеңесі өзінің бұрынғы қарарларына және Төрағаның алдын алу дипломатиясы, қарулы қақтығыстарды болдырмау, әлем құрылысы және бейбітшілікті қолдау, сондай-ақ араағайындық және дауды бейбіт жолмен шешуге қатысты мәлімдемелеріне сілтеме жасайды.
(6) «Қауіпсіздік Кеңесі даму, бейбітшілік пен қауіпсіздік және адам құқықтары бір-бірімен байланысты екенін және бір-бірін толықтырып тұратынын мойындайды.
(7) «Қауіпсіздік Кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымының келер ұрпақты соғыс зұлматынан құтқаруға бағытталған іргелі мақсатын орындауға қабілеттілігін көтермелеудің және назарды қақтығыстардың алдын алуға, превентивті дипломатияға, әлем құрылысына және бейбітшілікті қолдауға, озық тәжірибелермен алмасуға шоғырландырудың, сондай-ақ қақтығыстарға жағдай туғызатын терроризм, қарулы топтардың қызметі, жаппай қырып жою қаруын тарату, ұйымдасқан қылмыс, кәдімгі қару-жарақты заңсыз сату, әсіресе атыс қаруын және жеңіл қару-жарақ саудасын қоса алғандағы себептер мен салдарлардың, факторлардың мейлінше трансұлттық сипат алуы жағдайында олар бойынша перспективалы ұсынымдар мен стратегиялар әзірлеудің маңыздылығын атап көрсетеді.
(8) Қауіпсіздік Кеңесі, сондай-ақ болашақ ұрпақты соғыс апатынан құтқару үшін жанжалдарды шешу бұл қайда және қай уақытта қажет болғанда мүше-мемлекеттерді ортақ мақсаттардың төңірегінде топтастыру арқылы сенімді қалпына келтіру шараларын қамтитынын атап көрсетеді.
(9) Қауіпсіздік Кеңесі жанжалдардың түпкі себептерін жоюдың қажеттігін атап көрсетеді және зерттеу жөніндегі ұсынысты, қажет болған жағдайда аймақтық болашақтағы халықаралық бейбітшілік және қауіпсіздік үшін назарға алады.
(10) Қауіпсіздік Кеңесі жанжалдардың алдын алу бұрынғыша мемлекеттердің басты жауапкершілігі болып қала беретінін және тиісті халықаралық құқықта қарастырылғандай, олардың азаматтық тұлғаларды қорғау және олардың территориясындағы және олардың қарауындағы барлық тұлғалар үшін адам құқығын сыйлау және қамтамасыз ету жөніндегі басты жауапкершілігіне сілтеме жасай отырып, әрбір жекелеген мемлекеттің өз халқын геноцидтен, әскери қылмыстардан, этностық тазартулардан және адамзатқа қарсы қылмыстардан қорғау үшін жауаптылығын тағы да қолдайды.
(11) Қауіпсіздік Кеңесі бұдан әрі жанжалдардың алдын алудың жалпы стратегиясы ертерек ескерту, алдын ала өрістету, делдалдық, бейбітшілікті қолдау, таратпау, есептілік шаралары, сондай-ақ жанжалдан кейінгі бейбітшілікті құрудан тұрып, бұл компоненттер бір-бірімен өзара байланысты, бірін бірі толықтыратын және параллельді екенін мойындайды.
(12) Қауіпсіздік Кеңесі ұлттық үкіметтер мен билік органдарының әлем құрылысы және бейбітшілікті қолдау саласындағы басымдықтарды, стратегияларды және іс-шараларды анықтау, басқару және басшылық етудегі басты жауапкершілігін құптайды, бейбітшілікті сақтау – Үкімет және басқа да ұлттық мүдделі тараптар орындауы тиіс ортақ міндет екенін атап айтады және осыған байланысты қоғамның барлық топтарының қажеттіліктерін ескеруге қажетті ұлттық процестер мен әлем құрылысы мақсаттары үшін инклюзивтілік шешуші элемент болып табылатынына баса назар аударады және азаматтық қоғам бейбітшілікті қолдау жөніндегі күш-жігерді ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын атап көрсетеді.
(13) Қауіпсіздік Кеңесі Бас хатшының жанжалдардың алдын алу және превентивті дипломатия жөніндегі баяндамасын назарға алады және Бас хатшының өзінің S/RES/2282 қарарының жүзеге асуы жөніндегі баяндамасын асыға күтеді.
(14) Қауіпсіздік Кеңесі Бас хатшыны қайырымдылық қызметтерін пайдалануды, ұзақ мерзімді, инклюзивті және жалпыға ортақ реттеуді қамтамасыз етуге ықпал ету үшін өзінің өкілдерін, арнайы өкілдерін және делдалдарын бағыттауды кеңейтуді жалғастыруға шақырады және бұдан әрі Бас хатшыны ықтимал жанжалдардың алдын алуға күні бұрын қатысуды жалғастыруға шақырады.
(15) Қауіпсіздік Кеңесі Бас хатшыға бейбітшілік және қауіпсіздік саласындағы Хатшылық жұмысының тиімділігін арттыруға күш салғаны үшін алғыс білдіреді, үш саладағы «бейбітшілік және қауіпсіздік, даму мен басқару» реформалар бойынша ағымдағы күш-жігерді назарға алады және ағымдағы шолулардың нәтижелерін асыға күтеді.
(16) Қауіпсіздік Кеңесі Бас хатшыны:
- Біріккен Ұлттар Ұйымын жүйелі, интеграцияланған және тиімді құрылым ретінде трансформациялауды;
- Ұйымның мүше-мемлекеттердің дауларды бейбіт жолмен реттеуі мен олардың әлем бетпе-бет келетін күрделі проблемаларға жауаптарын жүйелі түрде қолдау мүмкіндігін арттыру;
- аймақтық және субаймақтық ұйымдармен және басқа да тиісті субъектілермен ынтымақтастықта қажет болған кезде жанжалдардың алдын алу мен алдын алу дипломатиясы құралдарын неғұрлым тиімді қолдануды мандатқа сай қамтамасыз ету бойынша күш салуды жалғастыруға шақырады.
(17) Қауіпсіздік Кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы мен жанжалдардың алдын алуда маңызды рөл атқаруы мүмкін аймақтық және субаймақтық ұйымдар арасында стратегиялық әріптестікті және үйлестіруді нығайту жөніндегі батыл жұмысты мойындайды және осыған байланысты:
- ұлттық үкіметтерді, мандат болған жағдайда басқа да тиісті мүдделі тараптарды үнемі қолдауды;
- Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VIII тарауына сәйкес, жергілікті дауларды аймақтық келісімдер немесе аймақтық ұйымдар арқылы бейбіт реттеуді қолдауды;
- стратегиялық диалогты, серіктестік қатынасты нығайтуды, неғұрлым тұрақты түрде пікір алмасуды, превентивті дипломатия құралдарына қатысты ұлттық және аймақтық әлеуетті құру үшін жұмыс деңгейінде талдаулар мен ақпараттарды жалғастырудың қажеттігін қарастыруға шақырады;
- бар әлеуетті, мүмкіндіктер мен қабілеттерді әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік саяси мекемелері арқылы белсенділендіру және іске қосу;
- олардың қақтығыстарды болдырмау, ертерек алдын алу жөніндегі күш-жігері мен превентивті дипломатияның келісімділігі мен интеграциясына Бас хатшының араағайындығы мен қайырымды қызметі арқылы ахуалға қарай ықпал ету;
(18) «Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік құрылысы жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша, саясатпен және нақты бір елмен байланысты өңірлік субъектілермен тартылудың және ынтымақтастықтың қажеттілігін атай отырып, бейбітшілік құрылысының маңыздылығын атап өтеді және Комиссияның және Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік құрылысы бойынша Кешенді басқаруының, соның ішінде бейбітшілік қалыптастыру және сақтау жөніндегі ұлттық күш-жігерді қолдаудағы, сондай-ақ трансшекаралық қатерлерді қолданыстағы мандаттарға сәйкес шешудегі маңызды рөлін мойындайды.
(19) «Қауіпсіздік Кеңесі әйелдердің әлем құрылысындағы маңызды рөлін қуаттайды, қақтығыстың алдын алу, реттеу және қақтығыстан кейін қалпына келудегі күш-жігерге әйелдердің толық және айшықты қатысуындағы елеулі байланысты, сондай-ақ осы күш-жігердің тиімділігі мен ұзақ мерзімді орнықтылығын, осыған байланысты бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мен нығайтудағы барлық күш-жігерге тең қатысуды қамтамасыз етуде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығын, әйелдердің шешім қабылдау процесіндегі, қақтығыстарды реттеу мен алдын алудағы және бейбітшілік құрылысындағы, соның ішінде ұлттық, өңірлік және халықаралық институттардағы, қақтығыстардың алдын алу және реттеу механизмдеріндегі, бейбітшілікті қолдауға қатысты барлық талқылауда гендерлік мәселелерді қарастырудағы рөлі мен басшылығын көтеру қажеттілігін атап өтеді.
(20) «Қауіпсіздік Кеңесі жастардың бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау және нығайтудағы маңызды әрі позитивті үлесін мойындайды және жастардың қақтығыстардың алдын алу және шешуде, орнықтылықтың, инклюзивтіліктің және бейбітшілік пен әлем құрылысын қолдау жөніндегі күш-жігердің табысты болуының шешуші аспектілерінің бірі ретінде маңызды рөл атқаруы мүмкіндігін қуаттайды.
(21) «Қауіпсіздік Кеңесі бұрынғысынша балаларды қорғау жанжалдарды болдырмау мен реттеудің кез келген кең ауқымды стратегиясының, сондай-ақ бейбітшілікті нығайту мен қолдаудың маңызды қыры болып қалуы тиіс екеніне сенімді және сондай-ақ балаларды қорғауды ұзақ мерзімді негізде күшейту мақсатында қарулы жанжалдардың нақты себептерін түбегейлі анықтаудың әрі жанжалдарды болдырмаудың кең көлемді стратегиясын қабылдаудың маңызын атап көрсетеді.
(22) «Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін, атап айтқанда, мына мәселелерге:
- жанжалдар мен превентивті дипломатияның алдын алу жөніндегі құралдарды, тәсілдер мен күш-жігерді ілгерілету және олардың барынша тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- Кеңестің алдын алу мәселелерін қарауына ықпал ету;
- Африкадағы жанжалдарды болдырмау мен шешу жөніндегі өзінің Арнайы жұмыс тобының қызметін оңтайландыруға, рөлін арттыру мен нығайтуға тереңнен назар аудару қажеттігін атап көрсетеді.
(23) «Қауіпсіздік Кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VІІІ тарауына сәйкес, Біріккен Ұлттар Ұйымының өңірлік және субөңірлік ұйымдармен ынтымақтастықтың жанжалдар тұтануының, ушығуының, жалғасуы мен қайталануының алдын алуға ықпал етуі үшін шешуші мәнге ие екенін тағы да мәлімдейді.
(24) «Қауіпсіздік Кеңесі орнықты әлем құру, оның ішінде жанжалдар мен әлем құрылысының алдын алу құралы ретінде мыналардың:
- мұқият зерттеу үшін қажет жерінде қауіпсіздік пен дамудың өзара байланысының нақты жағдайына байланысты күрделі, көпқырлы әлеует құрудың;
- қажет жағдайда өңірлік инновативті қадам жасаудың;
- БҰҰ шеңберінде координацияларды нығайту үшін жер-жерде көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыру мен үлкен ашықтығын қамтамасыз етудің маңызын атап көрсетеді.
(25) «Қауіпсіздік Кеңесі Бас хатшының Кеңеске жанжалдар мен превентивті дипломатияның алдын алу бойынша күш-жігердің жағдайы туралы мерзімді жедел ақпараттардың жеткізілуін ынталандырады».