Әдебиет • 19 Қаңтар, 2018

Атаның ақылы

1941 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атаның ақылы

Аққайыңның бұтағын кеспе, көкем, 
Сен үлкенсің, бұл байғұс бесте ме екен?
Қол-аяғың секілді бұтақтары, 
Аппақ болып әдемі өскен екен.   

Жүрсін осы ақылым есіңде енді, 
Жолатпағын келсе де досың мейлі.
Ұлы анамыз – табиғат, ағаш түгіл, 
Бір тал шөбін жұлсаң да кешірмейді.   

Айтқаныма өкпелеп қалма, сірә,
Көп келіп тұр атаңның ауласына. 
Кім кепілдік ете алар осы бұтақ, 
Ертең саған шаңырақ болмасына?..

Сәли Сәдуақасұлы

Соңғы жаңалықтар

Он үш қыздың ерлігі

Әдебиет • Бүгін, 07:45

Болған ана күмбезі

Мирас • Бүгін, 07:40

3D-принтермен салынатын мектеп

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30

Жаңа браузер пайда болады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:27

Алматыда жаппай жол апаты болды

Төтенше жағдай • Кеше