Осы жолғы маңызды құжатта да Елбасы мемлекетті нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қаперде ұстар он міндетті белгілеп берді. Соның бірі ретінде қоғамда заңның үстемдігін нығайтып, әрбірімізді сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақыруы жарқын болашақтың тұғырын нықтауға деген маңызды қадам деуге болады. Өйткені заң үстемдік етпеген жерде Елбасы айтқан мақсат-міндеттердің өз дәрежесінде орындалуы екіталай.
Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Себебі, мұндай әрекеттің көрініс табуы елдің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда билікке деген сенімсіздік тудырады. Сондықтан ең алдымен қоғамның жегі құртына айналған жемқорлықты тізгіндеп, оны ауыздықтаудың жолдарын қатаң қадағалауымыз қажет. Онымен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, тұтас елдің міндетіне айналуы тиіс.
Розақұл ХАЛМҰРАДОВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық
Қазақстан халқы Ассамблеясы
төрағасының орынбасары
ШЫМКЕНТ