Қазақстан • 19 Қаңтар, 2018

Заң үстемдігі – барлық игіліктің бастауы

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елінің ертеңі үшін алаңдайтын әрбір қазақстандық Елбасының жыл сайынғы Жолдауын тағатсыздана күтеді. Себебі, онда еліміздің ендігі беталысы айқын­далады. 

Осы жолғы маңызды құжатта да Елбасы мем­ле­кетті нығайту жолындағы стратегиялық маңыз­ды мәселелерді айқындап, қаперде ұстар он міндет­ті белгілеп берді. Соның бірі ретінде қоғамда заң­ның үстем­дігін нығайтып, әрбірімізді сыбайлас жемқор­лық­пен күресуге шақыруы жарқын болашақтың тұғырын нықтауға деген маңызды қадам деуге болады. Өйткені заң үстемдік етпеген жерде Елбасы айтқан мақсат-міндеттердің өз дәрежесінде орындалуы екіталай.

Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Себебі, мұндай әрекеттің көрініс табуы елдің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда билікке деген сенімсіздік тудырады. Сондықтан ең алдымен қоғамның жегі құртына айналған жемқорлықты тізгіндеп, оны ауыздықтаудың жолдарын қатаң қадағалауымыз қажет. Онымен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, тұтас елдің міндетіне айналуы тиіс.

Розақұл ХАЛМҰРАДОВ,
Оңтүстік Қазақстан облыстық 
Қазақстан халқы Ассамблеясы
төрағасының орынбасары

ШЫМКЕНТ