Қазақстан • 19 Қаңтар, 2018

Жаңа дәуір талабы

418 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президенттің «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ­дайын­дағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саланы дамытуға, соның ішінде мектепке дейінгі білім беру, орта және жоғары білім беру салаларын дамытуға баса назар аударылған.

Жаңа дәуір талабы

Мемлекет басшысы атап өт­кендей, білім беру бағдарлама­ларының негізгі басымдығы өз­геріс­терге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабі­летін дамыту болуы тиіс. 

Бұл бүгін аса маңызды мәселе, себебі бүкіл әлем Төртінші өнер­кәсіптік революция дәуіріне қадам басып келеді. Қазіргі таңда өмірдің барлық саласына жаңа технологиялар енгізіліп, қол­да­нылуда. Білім беру саласы да одан қалыс қалмауы керек.

Жастарды жаңа техно­ло­гиялық даму деңгейіне қазір­ден бастап дайындаған жөн. Сол үшін 2019 жылы мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеу­меттік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стан­дарттары енгізілетін болады. 2021 жылы орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу аяқталады. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдары қайта қаралмақ. Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттер дамытылады, білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасы кү­шей­тіледі; қала мектептерінде жан басына қатысты қаржылан­дыру енгізілетін болады, халық­аралық талаптар мен цифрлы дағды­ларды ескере отырып, техни­ка­лық және кәсіптік білім беру бағдар­ламалары жаңар­тылатын болады.

Барлық өңірлердегі оқушы­лар сарайларының базасындағы компьютерлерді, лаборатория­ларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфра­құрылымдары бар балалар тех­нопарктері мен бизнес-инкуба­торларының желісі құрылып, цифрлы білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерді бейнеқұ­рыл­­ғылармен жабдықтау жұмыс­тары жалғастырылатын болады.

Мұның бәрі уақыт талабы, жа­ңа тех­нологиялар дәуірінің талабы. Сондықтан қарқынды дамып жатқан әлемде басқалар­дан қа­лып қоймау үшін, жаһан­дық өзге­ріс­тер мен сын-қатер­лер­ге да­йын болу үшін Елба­сы­­ның Жолдауда алдымызға қой­ған міндеттерін толыққанды іске асыруға әрбіріміз үлесімізді қосайық.

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ,
Парламент Сенатының депутаты