Сонымен, жоспар бойынша 2-інші қабатта, біреулер абайсызда от тұтатып алды. Жағдай 10,45 пен 18,5 шаршы метрдегі компьютер сыныбында болған. Арығарай от ғимараттың басқа бөлмелерін шарпып, 152 шаршы метрге жетті. Өрт сөндірушілер сыртқа адамдарды алып шығып үлгерді. Бырлығы жабылып, өртті қолдарына түскен дүниелермен атап айтқанда, ішкі өрт сөндіру крандары, отты ауыздықтаушы құралдармен сөндіріп жатыр.
Бірақ, түтін басып кеткендіктен арығарай жұмыс жасау мүмкін болмады. Семей қалалық ТЖБ өрт сөндіру мамандары осы уақытта, 15 арнайы техниканы және 31 маманды оқиға орын алған жерге дереу жеткізді. Негізінен офицерлер қауымынан тұратын өрт сөндірушілер келіпті.
ПЧ-45 қарауылының басшысы мен барлық өрт сөндірушілердің бірігіп жасаған іс-қимылдарының нәтижесінде «өрт» ауыздықталды. Осылайша семейлік өрт сөндірушілер өздерінің нағыз маман иелері, кәсіби шебер екендіктерін арнайы оқу-жаттығу кезінде тағы да бір мәрте дәлелдей алды.
Раушан Нұғманбекова,
Суретті түсірген автор
Семей.