Үкімет • 25 Қаңтар, 2018

Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды primeminister.kz.

 

Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

Отырыс барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қойылған міндеттерді орындау тұрғысынан қазақстандық мұнай сервисінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Күн тәртібі бойынша BI Group холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы А. Рахымбаев, Centrasia Group директорлар кеңесінің төрағасы А. Құдайберген және «Сентрас» компаниялар тобының бас директоры Е. Әбдіразақов баяндама жасады.

Талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Қ. Балықбаев, ұлттық экономика вице-министрі С. Жұманғарин, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «AllurAuto Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А. Лаврентьев және басқалары қатысты.