18 Қараша, 2011

Жұмыстар қорытындыланды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Алматыда Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығына мү­­ше мемлекеттер Қорғаныс министрлер кеңесінің 61-ші отырысы өткізілді. Оты­рысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Ресей, Тәжікстан, Өзбек­стан және Украина қор­ға­ныс министрлік­терінің делега­ция­­ла­ры қатысты. Достастық елдері қорғаныс ве­дом­стволарының басшылары көп­жақты серіктесіп әрекет етудің бір­қа­тар бағыттары бойынша 20-дан астам мәселелерді қарастырды. Сон­дай-ақ 2011 жылға арналған ТМД ҚМК жұмыс органдары қыз­ме­тінің қоры­тындысын талдап, 2012 жылға арнал­ған жұмыс жос­парын қарастырды. Әскери саладағы инте­гра­ция­лық үрдістерді дамытудың маңыз­дылы­ғын ескере отырып, қорғаныс министрлері әскери мақсаттағы бір­лескен жүйелер­ді құ­ру және жетілдіру мә­се­лелерін тал­қылады. Әс­кери-техни­ка­лық ын­ты­мақ­тастықтың басым ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша келісімге келді. – ТМД ҚМК іскер және конструктивті, өзара сыйласу және ашық пікір алмасу жағдайында өтті, – деді Әділбек Жақсыбеков. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.