Аймақтар • 25 Қаңтар, 2018

Қостанай облыстық ішкі істер департаментінде операция залы ашылды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бір терезе» ұстанымындағы операция залының ашылуы  жұмысты жеңілдетеді және азаматтарға қолайлы болады. Бұл жоба Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында айтылған міндеттерді орындау мақсатында жүзеге асырылды. «Бір терезе» ұстанымы сыбайлас жемқорлық пен  заңды елемеуге қарсы күресті күшейтеді.

Қостанай облыстық ішкі істер департаментінде операция залы ашылды

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Айтмағамбетов  Елбасының жаңа Жолдауында  айтылған  мемлекеттік қызметті цифрландыру тұрғындармен  қоян-қолтық жұмыс істеуге мүмкіндікті молайтатынын айтты. Қостанайлықтар бұл тұрғыда аяқтан тұрып келеді.

Жаңа операция залында төрт терезе болады. Оларда  құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің,  әкімшілік полициясы басқармасының,  көші-қоң қызметі мен  ақпараттық-талдау орталығының қызметкерлері азаматтарды қабылдайтын болады.

«Жаңа зал азаматтарға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға өте қолайлы. Әр азамат мұнда ешқандай қиындықсыз құжаттарын толтырады, оған сапалы қызмет көрсетіледі. Мұндай залдағы жұмыс полиция қызметінің тиімділігін арттырады, ең бастысы ашықтық, мөлдірлік басым болады да, сыбайлас жемқорлық тәуекелі төмендейді»  деді Бекет Аймағамбетов.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай