Президент • 30 Қаңтар, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Президентін құттықтады

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Саули Ниинистёге Финляндия Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Президентін құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев С.Ниинистёні президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік лауазымдық қызметіне табыс тіледі.

«Бұл жеңіс Финляндия халқының Сізді мемлекеттің жарқын болашағы үшін қызмет ететін шынайы патриот және өз елінің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін дана да тәжірибелі саяси көшбасшысы ретінде мойындауының айқын дәлелі.

Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси байланыстарды дамытып, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мақсатымен тығыз әрі нәтижелі іс-қимыл жасап келе жатқанымызға қуаныштымын», – делінген жеделхатта.