Білім басқармасының мәліметінше, демалыс көрсетілген мерзімде өтеді. Одан басқа, мектептегі оқу бағдарламасынан қалып кеткен тұстарға қатысты бірқатар шара жасалынған.
«Аталған іс-шарада білім стандартын толық көлемде орындау үшін қосымша сағаттар пайдаланылады, білімді жинақтастырып, қайталау үшін, оқушылардың жеке консультация алуы (әсіресе 9-11 сыныптың түлектері үшін) ұйымдастырылған және оқу материалы модульдік, блок түрінде де берілу қарастырылған», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада қала мектептерінде сабақтар кейінге қалдырылған болатын.
Оқу бағдарламасын толық көлемде орындау Астана білім басқармасының бақылауында тұр.