Әдебиет • 02 Ақпан, 2018

Арман Әлменбет. Диалог – темір қазық

1137 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Ұлттық болмыс диалогта өмір сүреді» деген мазмұнды бір сөз оқығаным бар еді. Қайдан оқығаным есте жоқ. Жазып алмағаныма өкінемін. Бірақ осы сөздің рас екеніне әбден көзім жетеді. 

 

Арман Әлменбет. Диалог – темір қазық

Қазіргі шығып жатқан қа­зақша фильмдерде әртіс­­тердің ойыны сонша на­нымсыз болатын себебі, диа­­лог­­тарына байланыс­ты. Біріншіден, диалог жасанды сөздермен құры­ла­­ды, екіншіден, әртістер өмір­­де таза қазақша сөйле­ме­гендіктен, кейіпкерінің сөзін де жасанды етіп жет­кізеді «Мотор» дегеннен кейін қа­зақша сөйлеп, «Сня­то» дегеннен кейін қайта орысшаға көшетін түсіру то­бы (әртіс қана емес) жақсы фильм түсі­ре ала ма?
Кинодағы диалог даму үшін әдебиеттегі озық диалогтарды үлгі етуіміз керек. Сайын Мұратбековтің «Ес­кек желінде» мынадай сәт бар. Көзі көрмейтін кемпірге білдірмей, бұрынғы күйеуін үйіне кіргізетін тұсы.

«– Әй, Рысжан! Қайда­сың?

– Мен мұндамын, әже.

– Далаға шығар мені.

Рысжан әжесін қолты­ғынан демеп сыртқа беттеді. Төлепке ымдай сыбырлап:

– Бар, әне, қызыңды көр, – деді.

– Әй, Рысжан, осы үйден теме­кінің исі шыға ма? Біреу бар ма?

– Ей-и, әже-ай... кім ке­луші еді, мұнда. Әлгі жаман Жанбай бағана күпәйкемнің қалтасына темекісін салып еді, содан қалған иіс шығар, – деді Рысжан құлағына дауыстай сөйлеп.

– Е, оның сендегі шаруасы қанша?

– Осы ауылға күйеумін деп бәрімізбен ойнайды емес пе?

– Өй, сүйретілген неме. Ойыншылын өзінің. Есірек­тетпеңдер әрі бастарыңа шы­­ғып алады. Үйбай, аяғым. Әлгі Қаншайымды әлди­леймін деп қара жамбасым ұйып қапты ғой».

Адамдар өмірде бірді айтып, бірге кетеді. Мықты шы­­ғармада да солай болады. Тек нашар фильмнің сце­нарийінде ғана кейіпкерлер негізгі сюжетке қатысты сөз­дерді сөйлеп, бір сызықтың бойымен жүреді. Ал жақсы фильмде...

Кейінгі қазақ киносын­дағы дұрыс диалог деп «Ағайын­­ды» сериалының диа­логтарын айтуға болады. Басты кейіпкердің бірі Шыңғыс әке-шешесін ауылға шығарып салып тұрғанда машинаға еңкейіп, «ана пакет... пакетті...» деп сөйлеп жа­тады. Нақты не деп жат­қанын ести алмасаңыз да, ауылға сәлем-сауқат жіберіп жатқанын түсінесіз. Бір сәт­тік, елеусіз ғана осы үзік фильмге ерекше жылу беріп тұр.

Шынайы сөйлесудің тағы бір классикалық үлгісі ре­тінде Василий Шукшиннің «Калина красная» фильмінен бір үзінді келтірейік. Әде­биеттегі диалог жасау шебер­лігін киноға да әкелген Шук­шиннің бұл шедеврі (осы көріністің өзі) – мән беруге тұрарлық мысал. 

«– Слушай-ка, как ты думаешь, это хорошо – что мы живём? Может, уж лучше было не родиться?! А? 

– Так ведь, нас то не спрашивают! 

– То же верно... Ну что ж, тогда пойдём сеять... Я по-пре-е-ежнему такой же... 

– Ты сказал чего?! 

– Я пою... 

– Чего, чего?! 

– Пою! Оглох?».

Василий мен Егор осылай сөйлеседі. Ішінде жүрген мағыналы сұрақты досына айтады да, әрі қарай әндетіп, оны екіншісі естімей қалып, екі қайтара сұрайды.

Қазіргі әдебиетте заманауи киноға азық болатындай шығармалар бар ма деген сұрақ туындайды. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Біз­­­дің айтқымыз келетіні, әзір­ге қазақ кино өнері әде­биеттегі қазақша сөйлеуді ки­ноға көшіре алмай отыр. 90-жылдардың ортасына дейін кино мен әдебиеттің қаза­қылығы (диалогі) бірдей еді. Қазір олай емес.

Арман Әлменбет