Нұрлан Ноғаев Құрманғазы ауданында өңірдегі балық шаруашылығының проблемаларына қатысты көшпелі жиналыс өткізді. Оған мемлекеттік органдар мен құқық қорғау саласының өкілдері, балық аулайтын кооператив басшылары қатысты. Жиналыста балық саласын реттеу, заңсыз балық аулаумен күрес мәселесі қаралды.
Шара барысында құқық қорғау және бақылаушы органдарды кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді. Нұрлан Ноғаев басшыларды браконьерлікпен күресте алдыңғы шепте болатын мамандарды мұқият таңдауға шақырды. Егер жасалып жатқан жұмыстар нәтиже бермесе, белгілі бір себептері болуы керек.
-Демек ол мамандар браконьерлермен сыбайлас деуге негіз бар, жұмыс істеуге ниеттері жоқ деген сөз. Ал егер нақты осылай болса, ондай адамдарды жұмыстан босатып, өзіне жауапкершілік пен міндет ала алатын, жұмыс істейтіндерді қызметке алу керек, - деді Нұрлан Ноғаев.