Қазақстан • 02 Ақпан, 2018

«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумынан ЕАЭО-ны кешенді цифрландыру басталады

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты Еуразиялық экономикалық одақ форумы өтіп жатыр. Алқалы жиын аясында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев арнамызға арнайы сұхбат берді.

«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумынан ЕАЭО-ны кешенді цифрландыру басталады

Жауапты ведомство басшысы форумның мән-маңызына тоқталып, оған Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен қоса бірнеше мемлекеттің үкімет басшылары қатысып жатқанын атап өтті.

Дәурен Абаев әсіресе жаһандық деңгейдегі бұл басқосудың осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің ортақ шешіміне сай өткізіліп отырғанын еске салды. Сондықтан дәл осы жиын арқылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерін кешенді цифрландыру бастау алуы тиіс. Министрдің айтуынша, Еуроодақта өндіріске тың технологияларды енгізу 400 млрд долларға тең пайда әкелген. Егер Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения секілді интеграциялық ұйым мүшелері жаңашылдықты жан-жақты енгізе білсе мол табысқа кенелуі мүмкін.   

-  Бұл жерде айтайын дегенім: Қазақстанның астанасын қазіргі Астана қаласына көшіру мәселесі, инвестиция тарту мәселесі бойынша, елімізге қанша инвестиция келді, индустриалды бағдарламаны іске асыру, қанша жұмыс орны ашылды, делимитациялау мәселесі, мемлекеттік шекараны нық орнату. Осының бәріне кезінде кейбір қазақстандықтар онша сеніңкіремей қарап еді. Қазір соның бәрінің нәтижесін көріп отырмыз. Осы бағдарлама да, форум да тікелей Елбасының тапсырмасы бойынша орындалып жатыр, деді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.