Үкімет • 02 Ақпан, 2018

Бақытжан Сағынтаев Армения Премьер-Министрімен кездесті

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz

Бақытжан Сағынтаев Армения Премьер-Министрімен кездесті

Өткізілген кездесулер барысында тараптар цифрлық технологияларды енгізу және ортақ жобаларды іске асыру саласындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  

 2017 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 5,4 млн долларды құрады. Қазақстанның Арменияға экспорттайтын негізгі өнімдері – аккумуляторлар, көтергіштер мен домкраттар, моторлы көлік құралдарының бөлшектері, мұнай газдары мен көмірсутектер, сорғылар. Бүгін Қазақстанда армян капиталының қатысуымен 268 кәсіпорын қызметтерін табысты іске асырып келеді.

2017 жылғы маусымда «Ереван – Астана» рейсінің ашылуы бизнес ортада және туризм саласында өзара іс-қимылды дамытуға септігін тигізіп келеді.