Аймақтар • 02 Ақпан, 2018

Қостанай облысындағы колледждердің біріне Кәмшат Дөненбаеваның есімі берілуі мүмкін

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанай облысындағы колледждердің біріне Кәмшат Дөненбаеваның есімі берілуі мүмкін

Атақты механизатор, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваны мәңгі есте қалдыру үшін ол еңбек еткен Меңдіғара ауданындағы Боровской кәсіптік-техникалық колледжіне оның есімі берілетін болды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында айтылды. Атқарушы билік пен облыстық мәслихаттың ұсынысын депутаттар бір ауыздан мақұлдады. Енді ол Үкімет қарауына жіберілетін болады.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыс орталығындағы жаңадан  соғылып жатқан Юбилейный шағын ауданында   Кәмшат апа атындағы  гүлзар ашылатынын, онда болашақта  Еңбек Еріне ескерткіш қойылатынынан  да хабардар етті.  Ол 2018 жылдың аяғына дейін дайын болады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай