"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, жер сілкінісі 15.20.44-те сілкінді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының аумағында тіркелген. "Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,5; магнитудасы - 3.7, ал тереңдігі 10 шақырым", - делінген хабарламада.
Алматыдағы жер сілкінісінің эпицентрі Гагарин - Әл-Фараби аумағында болған. Картаға қарағанда, жер сілкінісінің эпицентрі Әл-Фараби даңғылынан төмен Гагарин көшесінің бойында орналасқан №125 мектептің маңында тіркелген. Ал өз кезегінде қалалық ТЖД өкілдері зілзаладан ешқандай қирау дерегі тіркелмегенін хабарлады.