Қазақстан • 02 Ақпан, 2018

Астанадағы «Оңтүстік-Шығыс» ықшам ауданына қарасты 20 көшеге асфальт төселеді

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Оңтүстік-Шығыс» ықшам ауданының ұзындығы 19,5 шақырымды құрайтын 20 көшесіне жылдың соңына дейін асфальт төселеді, деп айтты «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсенбаев халықпен есептік кездесу барысында.

Астанадағы «Оңтүстік-Шығыс» ықшам ауданына қарасты 20 көшеге асфальт төселеді

Бүгінгі күні қала шетін дамыту Астана дамуының негізгі басымдықтарының бірі. 

Биылғы жылы «Алматы» ауданына қарасты Железнодорожный, Промышленный, Күйгенжар , Мичурин кенттерінің аула аумақтарын абаттандыруды жоспарлануда.  Әкімнің айтуынша, кенттердің аулаларында қосымша ағаш егіліп, балаларға арналған ойын алаңдары ашылады. 

Сонымен қатар, аудан әкімі жаңа жолдар салу мен бар жолдарды қайта жаңарту туралы жоспарымен бөлісті. 

«Бірінші кезете «Оңтүстік-Шығыс» ықшам ауданында жаңа жолдар салу мен бар жолдарды қайта жаңартуды аяқтау керек. Осы ықшам аудандағы 80 көшенің, 40-да ешқандай жабынды болмаған. Өткен жылы осы 40 көшенің 20-ы жөнделді, ұзындығы шамамен 10 шақырымды құрайды, тағы ұзындығы 19,5 шақырымды құрайтын 20-ға жуық көшені ретке келтіру қалды. Ықшау андан тұрғындарының өмір сүруіне барынша жайлы болу үшін біз осы жылы барлық жұмысты аяқтауды жоспарлаудамыз», деп айтты аудан әкімі. 

Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша, аула ішілік өтпе жолдарды қайта жаңартуға ерекше назар аударылатын болады.