Аймақтар • 02 Ақпан, 2018

Оңтүстікте басқарма басшылары тағайындалды

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен жаңадан құрылған және атаулары өзгерген басқармалардың басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оңтүстікте басқарма басшылары тағайындалды

Атап айтқанда, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Батырхан Құрмансейіт, Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысы лауазымына Бастар Есқараев тағайындалды.

Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы қызметін Балмаржан Нарбекова атқаратын болды.

Ал Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысы міндетін уақытша атқару Асылхан Темірханға тапсырылды.

«Ontustik Tourism Center» туризм орталығының директоры Олжас Шинтаев аталған қызметінен босатыла отырып, Туризм және  сыртқы байланыстар басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде 23 басқарманың кейбірінен бірқатар міндеттер алынып, төрт басқарманың атауы өзгертілді. Сондай-ақ жаңадан тағы бір басқарма құрылды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше