Ұлттық спорт • 03 Ақпан, 2018

Үржар ауданында бүркітшілердің XII чемпионаты басталды

57 реткөрсетілді

Бүгін Үржар ауданының Бестерек ауылында Астана қаласының 20 жылдығына орай ересектер арасындағы бүркітшілердің ХІІ республикалық чемпионаты басталды.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Үржар ауданы әкімдігінің қолдауымен, бүркітші, атбегі Тәттімбет Кәпұлының ұйымдастыруымен өтіп жатқан қырандар сайысына қатысуға еліміздің облыстары мен қалаларынан  39 бүркітші келді.

«Бүркітшілер сайысы біздің ауданымызда екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы ретте ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, төл спортымызды дәріптеп жүрген, осы сайыстың өтуіне ұйытқы болған Тәттімбет Кәпұлына алғыс білдіреміз. Чемпионаттың сәтті өтуіне тілектеспін», - деді Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин жарыстың ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде. Сонымен қатар аудан басшысы Т.Кәпұлына ауданның Құрметті азаматы атағын беру жөнінде ұсыныс түскенін айтты.

Салтанатты шарада сөз алған Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Ерлен Оспанов  келесі жылы Үржар ауданында халықаралық бүркітшілер сайысын  өткізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы, 
Бестерек ауылы

Суреттерді түсірген автор 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар