Қазақстан • 03 Ақпан, 2018

Дәурен Абаев Алматыда шетелдік әріптестерімен кездесті

316 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда «Жаһандану дәуірінің Цифрлық күн тәртібі» форумы аясына ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Беларусь және Өзбекстан Республикасындағы әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді. Сондай-ақ Әзірбайжан Республикасы байланыс және жоғары технология министрінің орынбасары мен Халықаралық Электробайланыс Одағы бас хатшысының орынбасарымен кездесті, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.  

Дәурен Абаев Алматыда шетелдік әріптестерімен кездесті

Беларусь Республикасы байланыс және ақпараттандыру министрі Сергей Попковпен кездесу барысында сала басшыдары екі едің цифрландыру бағытындағы өзара ықпалдастығын әңгімеге арқау етті. Сонымен қатар, министрлер электрондық қызмет, почта байланысы мен инновациялық технология паркін дамытудағы тәжірибе алмасу тетіктерін талқылады.   

Өзбекстан Республикасы ақпараттық технологияларды дамыту және коммуникация министрі Шерзод Шерматовпен кездесу барысында Дәурен Абаев экономиканы цифрландыру бағытын Орталық Азия аумағында күшейтуге екі елдің әлеуеті жетінін атап өтті. Дәурен Абаевтың айтуынша, инновациялық орталықтар мен Жоғары Оқу Орындарындар, Ақпараттық Коммуникациялық Технологиялар арасындағы байланысты нығайту арқылы инвесторлар мен трансұлттық компаниялардың қызығушылығын арттыруға жол ашылады.      

Кездесу соңында «Зерде» (Қазақстан)  Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі мен «UZINFOCOM» (Өзбекстан) компаниялары арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды. 

Сондай-ақ Дәурен Абаев Халықаралық Электробайланыс Одағы бас хатшысының орынбасары Малколм Джонсонмен кездесті. Екіжақты кездесу барысында отандық ЖОО ғылыми потенциалын арттыру, сараптама мен зерттеулер саласындағы өзара әріптестіктің мүмкіндіктерін талқылады.  Малколм Джонсон біздің еліміздің әр бастамасын қолдайтынын, жан-жақты әріптестік орнатуға ынталы екенін жеткізді.  Дәурен Абаев әріптесіне және Халықаралық Электробайланыс Одағының командасына ауылды жерлердегі Интернетті дамытуға бағытталған жобалары үшін алғысын айтты. 

Сонымен қатар, Әзірбайжан Республикасы байланыс және жоғары технология министрі Эльмир Велизадемен келіссөздер жүргізілді. Кездесу барысында Ақпараттық Коммуникациялық Технологиялар саласында өзара әріптестік жөніндегі келісімдер бекітілді. 

«Жаһандану дәуірінің Цифрлық күн тәртібі» форумы мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтіп жатыр.