Іс-шара барысында 80 арыз-шағымға жауап берілді. Одан бөлек, өздері келе алмаған тұрғындардың электронды түрде жолдаған жолдамаларына да қызмет көрсетілді.
«Іс-шараны жоспарлау кезінде біз қоғам мен басқарма арасындағы «ашық диалог алаңын» құруды басшылыққа алдық. Өзекті мәселелерді талқылай отырып, қалалықтардың пікірін біліп, жұмыстың қалай ұйымдастырылғанын, бүгінгі ұсыныстардың негізінде соған сәйкес болашақта атқарылатын істердің тұжырымын жасау. Мұндай шараны жылына бірнеше рет өткізуді жоспарлап отырмыз», деді Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.
Басқарманың мәліметінше, қоғамдық қабылдау кезінде балабақшаға жолдама алу мен кезек мәселесі тұрғындарды көбірек толғандырған. Сондай-ақ ата-аналар мектеп пен колледжге түсу, тамақтану мәселесі, білім мекемелеріндегі әлеуметтік көмек пен балалардың факультативтік және үйірме сабақтарымен айналысу мәселесі де қызықтырған.