Қазақстан • 04 Ақпан, 2018

Астана әуежайында рейстер кешікті

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға ұшып келетін және кететін 18 рейс бөгеліп жатыр, 10 рейс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды әуежайдың ақпарат қызметі. 

Астана әуежайында рейстер кешікті

Анықтама бөлімі бұл бөгелістерді ұшақтардың кеш келуімен түсіндірді, ал рейстерді тоқтату туралы шешімді әуе тасымалдаушылар қабылдаған.

Сондай-ақ, Жезқазғанға, Қостанайға, Алматыға, Лондонға, Шымкентке, Франкфуртке ұшуы тиіс 8 рейс бөгеліп жатыр және Петропавл мен Алматыға ұшатын бес рейс тоқтатылды.

Сонымен бірге, Алматы әуежайы 4 ақпан, сағат 12-де айналаның көрінбеуінен бірқатар рейстердің кешігіп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі ауа райында әуе жолы 600-1000 метр, тігінен 40 метр ғана көрінеді. Әуежай жабылған жоқ және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ІІІ санаты бойынша жұмыс істеп тұр. Ұшып келу және кету рейстерінің кешігуіне әуе кемелері экипажында сәйкес рұқсатнамалардың болмауы себеп болып отыр. Ұшу немесе қону туралы шешімді әуе кемесінің командирі ауа райы мен рұқсатнамаға сәйкес қабылдайды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.