Деректер орталығы Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясынан орын тебеді. Жобаға 1 млрд АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция құйылады. Жаңа Гуйань ауданында бой көтеретін, 67 гектарлық орталық Қытай аумағында iCloud қызметтерін жеткізумен айналысады.
28 ақпаннан бастап Қытайдағы iCloud қызметтерін жергілікті Guizhou-Cloud компаниясы атқарады. Орталық жұмыс істей бастағанға дейін компания iCloud қызметтерін ұсыну үшін Қытайдың үш ірі байланыс операторларынан серверлерді жалға алады.
Гуйчжоу - Қытайдағы төмен дамыған аймақтарының бірі. Бірақ ол жайлы климаттың және инфрақұрылымның арқасында үлкен мүмкіндіктерге жол аша алады.