Аймақтар • 07 Ақпан, 2018

«Спарта Номад» көңілді тапқырлар клубы алматылық жанкүйерлерімен кездесті

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпанның алғашқы жұмасында «Спарта НОМАД» көңілді тапқырлар клубының алматылық жанкүйерлері көптен күткен жұлдызды кездесуіне жетті.

«Спарта Номад» көңілді тапқырлар клубы алматылық жанкүйерлерімен кездесті

Жиырма жыл бойы жоғары лигада бәсекеге түсіп, 2017 жыл­дың со­ңында жеңімпаздардың тұғы­рына көтерілгенін білеміз. Осылайша «Спарта НОМАД» КТК командасы үшін өткен жыл ол­жалы аяқталды. Жерлестеріміз КТК-ның Жоғары лигасында бірінші орын алып, ақыры Айды аспанға шығарды. Аталмыш команданың бұл жеңісі бір жағы­нан Тәуелсіздік күнімен орайласып, отандастар үшін тосын сый болды. 

Не десек те «Спарта НОМАД» көңілді тапқырлар клубының ең жоғарғы атағын алғаш рет иеленген команда болып қала бермек. Қазақстандықтар бұл жеңісті 17 жыл бойы күткен еді!

Орайы келіп тұрғанда аста­налық КТК командасы 2015-2016 жылдары КТК Жоғары лига­сының мәресіне шығып, өт­кен жылы Светлогорскінің Алтын қаласында Үлкен КиВиН иегер­лері атанды. 

Алматыдағы жанкүйер­ле­рімен кездесуге Се­рік­жан Не­сіп­баев, Данияр Жұ­ма­ділов, Ал­маз Нұртаза, Ди­дар Жек­се­ков, Олжас Рымбаев, Ер­ке­бұлан Мыр­забек, Бауыржан Ома­ров, Артем Примак, Гүлнара Сейіл­баева мен Құмар Лұқманов келді. 

Көңілді тапқырлар бірден бей­ресми әңгімеге көшуді ұсын­ды. Залда отырғандар оларды сұрақтардың астында қалдырды десе де болады. Әрине жеңіс тақырыбы да қалыс қалған жоқ. 

Жанкүйерлерді әсіресе, ке­ле­шек туралы сұрақтар қы­зық­тырды. Серікжан Несіпбаев ке­ле­сі жылы қазақстандық КТК лигасының қайта қалпына келе­тініне уәде беріп, «Әзірге шағын, тәжірибелік форматта құрылса да, лига болады» деп мәлімдеді.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ