Қазақстан • 12 Ақпан, 2018

Басты міндет – медициналық қызметтің сапасын арттыру

909 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы дәстүрлі Жолдауында әдеттегідей медицина саласының алдында тұрған негізгі міндеттерді де атап өтті. Құжатта айтылғандай, ел медицинасы саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейтуі керек. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға басты көңіл бөлуі керектігіне де Мемлекет басшысы ерекше екпін түсірді. 

Басты міндет – медициналық қызметтің сапасын арттыру

Шынымен де, қазір бүкіл дүние жүзінің денсаулық сақ­тау саласы ауырып ем іздеу­ден гөрі ауыр­мау­дың жолын қарастыра бастады. Ауру­­­дың 80-85 пайызы – адам­­н­­­ың тамақтану мәдениеті мен саламатты өмір салтына байланысты, қалған 15-20 пайызы ғана дәрігерлердің қолын­да еке­ні баяғыда дәлел­ден­ген. Бұл дегені­ңіз, кез келген сыр­­қат­ты болдырмаудың жолдарын іздестіру, ауруды алғаш­қы саты­­­сында анықтап, асқын­дыр­­мау­ға күш салу деген сөз. Елімізде де осы бағытта көп­теген шаруа қол­ға алынған. Мысалы халықты скри­нингтік мед­и­циналық тексерулерден өткізу, онкологиялық аурулар­ды бастапқы кезеңінде анық­тауға арналған заманауи тех­­но­ло­гияларды енгізудің бәрі соның дәлелі. Тұрғындардың ден­сау­лығын нығайтуға бағыт­тал­ған мұн­­дай шаралардың ар­қасында өмір сүру ұзақтығы был­тырғы көр­­сет­­кіш бойынша 4,5 жылға өсіп, 72,5 пайызды құрады. Бала туу көр­­сеткіші де бір жарым есеге ар­т­ып, халық­тың саны 18 миллионнан асты.

Қазақстанда 2016 жылдан бері Президенттің Жар­лы­ғы­мен «Денсаулық» бағ­дар­ла­масы бекі­тіліп, жұмыс істей бастағаны бел­гілі. 2016-2019 жылдарға ар­нал­ған бағ­дар­ламалық құжат ел тұр­ғын­дары­ның денсау­лы­ғын сақ­тау­дың тиімді әрі ор­нықты жү­йе­сін дамытуды көз­дейді. Ден­сау­лық саласын жақ­сартуға арнал­ған құжаттың ал­­ғашқы бағыты – қоғамдық ден­сау­лық сақтауды дамыту. Бұл деге­ніңіз, халықтың сана­сы­­на денсаулықтың қадірін ұғы­­­­ну­ды сіңіріп, аурулардың алдын алуға айрықша көңіл бөлу. Халық­аралық үздік тәжі­ри­бе­ле­рге сүйенсек, медици­наны да­мы­тудың басты жолы – қоғам­дық денсаулық қыз­метін қалыптастыру. Яғ­ни са­ни­­тарлық-эпидемиологиялық, эко­­­логиялық, ветеринарлық қыз­мет мекемелерімен бірлесе оты­рып, халықтың денсаулық туралы ұғы­мын сауаттандыру, тиісті ке­ңес­тер беру, саламатты өмір сал­­тын насихаттау және осындай жүйелі жұмыстар негізінде елдің денсаулығын нығайту. Міне осы мәселелер тиісті деңгейде жүзеге асса, Жолдау жүктеген мін­дет­терді де жүзеге асырған бо­лар едік.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ақпараттық жүйелерді бі­рік­тіру, мобильді цифрлы қо­сым­шаларды қолдану, элек­трон­ды денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қол­дан­байтын ауру­­­ханаға» көшу ар­қылы меди­­ци­налық көмектің қол­жетімділігі мен тиімділігін ар­т­­тыру, медициналық кадр­лар­­мен қамтамасыз ету және олар­ды сапалы даярлау мәсе­лесі­не де айрықша тоқ­талды. Ме­ніңше, бұл әр меди­ци­на­лық мекеменің бас­ты мін­деті болуы тиіс. Мысалы біздің рес­пуб­ликалық ардагерлер гос­питалінде 70 орындық ауру­хана және ардагерлерге 16 меди­циналық мамандық түрі бойынша қызмет көрсететін емхана жұмыс істейді. Біз халықтың денсаулығын түзейтін мекеме ретінде өз тәжірибемізге Елбасы айт­қан заманауи технологиялар­ды енгізуді, пациенттерімізге сала­­мат­ты өмір салтын сақтау бо­йын­­­ша кеңестер жүргізуді өзі­міз­дің басты парызымыз са­най­мыз. 

Әділхан АБДУЛИН,

Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальдің директоры