09 Ақпан, 2010

УӘЛИХАНОВТАР ҰСТАЛДЫ

1127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Қыл­мыстық кодексінің 176-бабы 3-бөлігінің “б” тармағына сәйкес жасаған қылмыстары үшін қыл­мыстық қудалау органының іздеуінде жүрген К.А. Уәлиханов және Г.К. Уәлиханов 2010 жылдың 1 қаңтарында Тайланд Корольдігінің аумағында ұсталды. Аталған тұлғалар алдын-ала келісіп, Астана қаласында орна­ласқан түрлі коммерциялық ұйым­дардың басшылары ретінде 2006 - 2008 жылдар аралығында “Шымбұлақ”, “Бейбітшілік”, “Возрождение”, “Құлан” тұрғын үй кешендерінің 470-тен астам салымшыларының 2 миллиард теңгеден астам ақшалай қаражат­тарын иеленіп, ысырап еткен. Осыған орай Қазақстан Респуб­ликасының Бас прокуратурасы іздеуде жүргендерді экстрадиция­лау мәселелері бойынша уәкілетті орган ретінде ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен, ҚР Қаржы полициясы агенттігімен және ҚР Сыртқы істер министр­лігінің Қазақстан Республика­­сының Бангкоктағы (Тайланд) Дипломатиялық миссиясымен бірлесе отырып, ұсталған азамат­тарды қылмыстық жауапкерші­лікке тарту және жәбірлену­шілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін Қазақстан аумағына жеткізуге барлық қажетті шараларды қабылдады. Қазақстанның мемлекеттік органдарының бірлескен жұмыс­тарының нәтижесінде және тай­ландтық билік өкілдерінің көмек­тесуімен 2010 жылғы 4 ақпанда Уәлихановтар Бангкок­тан Қазақ­стан аумағына жеткі­зілді. Енді бұларға қатысты қылмыс­тық істі тергеуді қаржы поли­циясы органдары жүзеге асыра­тын болады. Қазақстан Респуб­ликасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.