Тарих • 15 Ақпан, 2018

Тағылымы терең туынды

436 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа еңбегі туған халқының кемел болашаққа бағыт алған ұмтылысын айғақтай білуімен ерекшеленеді. 

Тағылымы терең туынды

Кітаппен танысу барысында оның қалың көпшілікке арнал­ғанын бірден түсінесіз. Автор­дың өз тәжірибесінен кел­тіріп отырған ой-толғамдары әдемі ырғақпен баяндалып, оқырманды тереңіне тарта жөнеледі. Мұн­да жаңа экономикаға негіз­делген саяси, әлеуметтік, рухани жаңғыру барысындағы қай­шылықтар айтылып қана өт­пейді, оны шешудің нақты жол­­дары көрсетіліп те отырады. Елбасы ядролық қарусыз әлем жолындағы, ұлтаралық және дінаралық келісімнің дара үлгісін қалыптастырудағы эволюция­лық жолмен тұрғындардың бақыт­ты өмір сүруін қамтамасыз ету­дегі қол жеткен жетістіктеріміз­ді саралап көрсетеді. Еңбекте Тұңғыш Президент – Елбасының тәуелсіздік жылдары жақсы өмірге қол жеткізу барша халық­тың ынтымақты бірлігі мен келі­сімін нығайтудағы ерен еңбе­гінің менмұндалап тұруы керемет көрініс береді.

Кітапта тәуелсіздігіміздің даму үлгісінің табиғаты мен эволюциясы жан-жақты сара­ланған. Бұл еңбекте мем­ле­кет­тің ішкі саясатының айтулы жетіс­тіктері нақты мысалдар­мен дәлелденіп, қарапайым оқушы­ға түсінікті тілмен түсіндіріл­ген. Жүректі тербеген «Тәуелсіз­дік дәуірін» қолға алған әрбір оқырманның кеудесін елінің ерен жетістіктеріне деген мақта­ныш сезімі кернейді. Шығар­ма­да тәуелсіздік алғаннан бергі Отанымызда болып жатқан айтулы оқиғалар мен оның ас­тарындағы ауқымды шаралар ерен жетістіктерге жетелеген іргелі істер уақыт шежіресіндей сипатталады.

Кітаптың «Мемлекетіміздің дү­ниеге келуі. Қазақстанның бірін­ші жаңғыруы» деп аталатын алғашқы бөлімі 1991-1995 жыл­дар аралығындағы тарихи оқиғаларды қамтитыны белгілі. «Тәуелсіздік дәуірінің» екінші жаңғырту баяндалатын «Ұлы бетбұрыс», «Қазақстанның екінші жаңғыруы» тарауларында Елбасының тікелей бас­шы­лығы­мен қазақстандық бірлік пен келісімнің үлгісі, оның қағи­­дат­тары мен бірегейліктің ірге қалар негіздері қалайша қалыптасқанын байыптайсыз. Ал үшінші жаңғыру кезеңі туралы бөлімде жаңа қазақ­стан­дық отаншылдық рухты анық аңғарасыз.

Қорыта айтқанда, «Тәуел­сіздік дәуірі» жанымызға ерек­ше бір жылылық сыйлады. Бәл­кім, тәуелсіздік жыл­­дары­ның тағылымды табыс­тары­ның же­місін татып отырған­дығы­мыздан да солай шығар. Осындай айшықты оқиғаларға толы заманда өмір сүріп жатқанымызды біз бақыт санауға тиіспіз.

 

 Садық МҰСТАФАЕВ,

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» бас директоры

АЛМАТЫ