Қазақстан • 16 Ақпан, 2018

Былтыр зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайт жұмысы тоқтатылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылы терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайт жұмысы тоқтатылған. Бұл турасында Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында баяндама жасаған министр Дәурен Абаев хабарлады. 

Былтыр зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайт жұмысы тоқтатылды

«Министрлік ақпараттық кеңістікте тиісті заңның сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады. Өткен жылы  терроризм мен діни экстремизмді, суицид, зорлық-зомбылықты насихаттайтын 9 мыңға жуық сайт жұмысы тоқтатылған. Әлеуметтік желілерде осы сарындағы 230 мың материал жойылды», деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Астанада Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің, министр Дәурен Абаевтың қатысуымен  Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп жатыр. Онда министр мемлекеттік тапсырыс аясында былтыр 40 сериал түсірілгенін хабарлады. Сонымен қатар Дәурен Абаевтың айтуынша, биыл Маңғыстау мен Жамбыл облыстарына цифрлық эфирлік теле-радио хабарларын тарату жүйесі енгізілмек

Ая Өміртай,

"Егемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар