24 Қараша, 2011

Cіз не дейсіз?

379 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ЖЫЛУ МАУСЫМЫ ЖЫЛ БОЙЫ НАЗАРДА Қар жауып, күн суытқан сайын қала тұрғындарын би­ылғы қыс қалай болар екен, үйі­міз жылы, ыстық суымыз үзілмей, апатты жағдайлар орын алмай ма деген сұрақ­тар мазалайты­ны сөзсіз. Об­лыс әкімдігінің биылғы жылғы 28 сәуірдегі қаулысымен тұр­ғын үй-ком­муналдық шаруа­шы­лық бас­қар­масының қыс маусы­мы­на дайындық жөнін­дегі іс-шаралары бекітіліп, ар­найы жұмыс тобы құрылған бо­ла­тын. Қыс шанасы жаз сай­ланды ма, күн тәр­ті­бін­де тұрған жылу маусымы қазір қалай жүргізілуде? «Егемен Қазақстанның» Павлодар облысындағы тілшісі Фарида Бықай облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Серік Көшімбаевқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Жалпы, қыс айларына дай­ындық барысында облыс­тағы жылу беретін стан­са­лар­ға күрделі және ағымдық жөн­деу­лер жүргізілді. Олар­дың қата­рын­да 6 энергия бло­гы, 14 жылу қазандығы, 4 турбина және 2 турбогенератор бар. Би­ыл­ғы жылдың қа­зан айынан бас­тап барлық жылу электр стан­салары жылу беру маусымының жұмыс кестесіне көшті. Бұл үдеріс мау­сым бойы назарда болады. Барлық стансаларда көмір және мазут қоры жеткілікті. Біздің басқарма тарапы­нан облыстағы барлық ны­сан­дар­дың жылу маусымын­да үздіксіз жұ­мыс істеуі, яғни энергия көз­дері, станса­лардың жағдайы, көмір және мазуттың есебі бой­ынша кестесі, жылумен, элек­тр­мен, сумен жабдықтау және су желілеріндегі апатты жай­лар­дың орын алған-алмаған жай­лары күнделікті мониторинг арқы­лы бақыланады. Жылу беру мау­сымына орай облыстағы 2258 тұрғын үй, 621 мектеп, 410 денсаулық сақтау орын­дары және басқа да 257 әлеу­меттік нысандар дайындық жолына қойылған болатын. Қазіргі кезде олардың бар­лығында жылу жүйелері қалып­ты жұмыс істеп тұр. Ай сайын қала шағын аудан­дарында тұр­ғындармен жи­ын­дар өткізіліп, оларға көр­се­тілген коммунал­дық қыз­меттер үшін дер кезінде ақы төлеу қажеттігі және тұр­ғындар арасында бар берешекті өтеу мәселесі бойынша түсін­діру жұмыстары жүргі­зіледі. Осындай іс-шаралар нәтиже­сінде коммуналдық қызметтерге берешек 40%-ға төмендеп отыр. Павлодар облысы.