Мемлекет басшысының Өкімімен Леонид Андреевич Прокопенко Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтеріне тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтерінен босатылды.