Кездесу барысында цифрландыру, инвестициялар және инфрақұрылымды дамыту саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, отырыс қатысушылары АХҚО биржасы алаңындағы IPO-ға ұлттық компаниялардың шығарылуы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын ескере отырып инвесторларға ашылған мүмкіндіктерді қарастырды.
Deutsche Bank AG өкілдері бірқатар жобаларға, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуға мүдделі екенін білдірді.
Бұдан өзге, Қазақстан-Герман іскерлік кеңесі жұмысының аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Анықтама: Deutsche Bank AG 1870 жылы Берлинде халықаралық бизнесті кеңейту, сондай-ақ Германияның басқа еуропалық елдермен және сыртқы нарықтармен сауда қарым-қатынасын дамыту мақсатында құрылған. Deutsche Bank AG өкілдігі Қазақстанда 1993 жылы ашылды.