Қазақстан • 21 Ақпан, 2018

2019 жылы Атырау облысының 99,7 пайызы табиғи газбен қамтылады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Атырау облысында шалғайдағы елдімекендерді газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы бүгін, 21 ақпанда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру жиынында айтылды.

2019 жылы Атырау облысының 99,7 пайызы табиғи газбен қамтылады

​Қазір Құрманғазы ауданы Азғыр аймағындағы 10 елдімекенде ұзындығы 365 км (Балқұдық, Азғыр, Қоңыртерек, Асан, Үштаған, Сүйіндік, Жалғызапан, Батырбек, Егінқұдық, Қошалақ) магистралды және ауыларалық газқұбыры құрылысы жүріп жатыр.  Бүгінгі күні оның 53 шақырымы салынды.

Сонымен қатар осы елдімекендерде ұзындығы 67,6 км ауыл ішіндегі газқұбыры желісінің құрылысын бастау жоспарланды.  Құрылыс 2017 жылы басталды, 2019 аяқталады. Қазір аймақтағы тағы 13 шағын елдімекенді газбен қамтудың жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстары  жобалар дайындалып біткен соң биыл басталуы тиіс. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін Атырау облысы халқының 99,7% пайызы газбен қамтамасыз етіледі.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»,

Атырау