Қазақстан • 21 Ақпан, 2018

«Жолдарда жемқорлықты төмендетудің 10 қадамы» акциясы ұйымдастырылды

1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті көліктік бақылау инспекциясының өкілдері  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік және арнайы мониторинг топтарының құрамында  «Ақтау-Форт-Шевченко» жол трассасында «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетудің 10 қадамы» атты профилактикалық іс-шара ұйымдастырды

«Жолдарда жемқорлықты төмендетудің 10 қадамы» акциясы ұйымдастырылды

Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты кең ауқымда түсіндіріп, қоғамда сыбайлас жемқорлық атты қауіпті дертке қарсы төзбеушілікті қалыптастыру мақсатындағы шараға Мобильдік және арнайы мониторинг топтарының құрамында «Маңғыстау облысының азаматтық альянсы», «Азаматтық құқық», «Туған ел», «Азамат дауысы» және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды.

Ұйымдастырушылар көлік жүргізушілеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік бойынша түсіндірме жүргізіп, республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты қолдауға шақырды.

Акция барысында әлеуметтік сұхбаттар мен сауалнамалар алынып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық парақшалар таратылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Бұрхансайдың таңбалы тастары

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Кімдерге рақымшылық жасалады?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:20

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 08:13

Alatau City және инвестициялық жоспар

Инвестиция • Бүгін, 07:40