Аймақтар • 22 Ақпан, 2018

Ақмола обылсында судьялар шаңғы тепті

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы судья­лары мен сот жүйесінің қыз­­меткерлері өздерінің бойын­дағы патриот­тық сезім­де­рінің жоғары екенін өз іс-қимылдарымен дәлелдеп жүр.

Ақмола обылсында судьялар шаңғы тепті

Мәселен, олар Пхенчхандағы ХХIII қысқы Олимпия ойындарына қатысатын Ақ­мола облысының спортшыларын қолдау және қазақ­стандықтар арасында спорт­қа деген қызығушылықты оя­ту мақсатында қысқы спорт түр­лері бойынша жарыс өт-кі­з­ді.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінде Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров қаты­сушыларды құттықтай келіп, аталған іс-шараның маңызын ерекше ашып көрсетті. Осындай спорттық іс-шаралар қысқы спорт түр­лерін насихаттау және «Сала­­матты өмір салтын қалып­­тастыру» мемлекеттік бағдар­ламасын іске асыру мақсатында өткізі­ліп жатқаны айтылды. Ең бастысы, мұндай шара ұжым қызметкерлері арасындағы өзара сыйластық пен құрметті арттыра түсе­тіндігі белгілі. Бұл орайда облыстық сот төрағасы Дос­жан Әміров өз ойын былайша сабақтады: «Тек сау денеде ғана мықты рух, жеңіске және барлық істерге деген табыс пен құштарлық қалыптасады».

Жалпы «Елікті» тау-шаң­ғысы кешенінде шаңғымен таудан түсу, ерлер және әйел­дер арасында шаңғы жарысы, шаңғы эстафетасы және «Көңілді старт» жарыстары ұйымдастырылды. Жарыста аудандық және оларға теңес­тірілген соттардың судьялары мен мамандары «Батыс», «Шығыс», «Солтүстік» және «Оң­түстік» командаларын құра­ды. Жарыстың қоры­тын­дысы бойын­ша жеңімпаздар гра­моталармен және кубоктармен марапатталды.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы