Аймақтар • 22 Ақпан, 2018

Қарағандылық тәртіп сақшылары аяғы ауыр ананың өмірін сақтап қалды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандылық тәртіп сақшылары аяғы ауыр ананың өмірін сақтап қалды. Полиция қыз­меткерлері қыра­ғы­лық және әб­жілдік танытпағанда, бұл оқи­ғаның қайғылы жағ­даймен аяқталуы әбден мүмкін еді.

Қарағандылық тәртіп сақшылары аяғы ауыр ананың өмірін сақтап қалды

Сол күні құрамында об­лыс­тық жол-патрульдік полиция батальонының взвод ко­мандирі, полиция капитаны Дәурен Әбдішев, аға лейтенант Мақсат Серікбаев және старшина Мақсат Смаилов бар экипаж әдеттегідей қызметтік міндеттерін атқаруға кіріскен болатын. Олар «Қарағанды-Павлодар» тас жолын бетке алып, Қарағандыдан шыға бер­генде, қала шетіндегі кө­шелердің қиылысында ке­нет­тен тоқтай қалған авто­көлікті байқап қалады. Оқи­ға болған жерге жылдам же­тіп келгендерінде көлікті жүр­гізіп келе жатқан әйелдің орындықтың арқалығын шал­қасынан түсіріп, қимылсыз жат­қанын көреді. Көліктің ішінде, сондай-ақ, тағы бір әйел мен кішкентай бала болған.

Полиция қызметкерлеріне ойланып жатуға уақыт аз еді. Жедел қимылдаған олар есінен танған әйелді өз көліктеріне көте­ріп әкеліп жатқызып, жа­қын маңдағы ауруханаға құс­тай ұшады. Сөйтсе, көлік жүр­гізуші әйел диабетпен ауы­ратын болып шықты, оның үстіне, құрсағында сегіз апта­лық шарана болған.

Бір қызығы, әлгі әйел­дің жақындары полиция ав­токөлігінің қапталдағы нө­мі­рін есте сақтап қалған да, ізінше Қарағанды об­лыстық ІІД Жергілікті полиция қыз­метінің басшысы Жалғас­бай Жақаевтың атына қысыл­таяңда көмек қолын созған тәртіп сақ­шыларын марапат­тауды өтініп хат жолдапты. Ал өз міндеттеріне адал полиция қыз­­меткерлері кішіпейілдік танытып, бұл істеген жақсы­лық­тарын барын­ша жасыруға тырысқан.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ