Қазақстан • 26 Ақпан, 2018

Қорғаныс өндірісіне тиімді механизмдер енгізіледі

23 реткөрсетілді

Ұлттық ғарыш орталығында 2017 жылдың қорытындысы мен Елбасының «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген тапсырмалар бойынша Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ҚАӨМ) алқа жиыны өтті.

Басқосуға Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, Парла­мент депутаттары, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистр­лігінің және басқа да мем­лекет­тік орган, бағынысты ұйым­­дар мен кәсіпорындар бас­шылығы қатысты.

Бүгінгі таңда министрлік ел­дің қорғанысы мен қауіпсіздігін тиімді түрде іске асыруға мүм­кін­­дік беретін саланың нор­мативтік-құқықтық базасын қа­лып­тастыру жұмыстарын жүргізуде.

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырудың жаңа механизмдерін реттейтін және отандық қорғаныс-өнер­кәсіп кешенін қолдау шараларын қарастыратын «Қорғаныс өнер­­кәсібі және мемлекеттік қор­ғаныстық тапсырыс» заң жоба­сы Парламенттің қарауына енгізілді.

2018 жылдан бастап Қорға­ныс министрлігінің қорғаныстық тапсырыс бюджеті ҚАӨМ-ге өтеді. Бұл әлеуетті органдарды өзіне тән емес функциялардан бо­са­тады және қорғаныс-өнер­кә­сіп кешені кәсіпорынның ілгер­лемелі дамуын қамтамасыз етеді.

Қорғаныс пен қауіпсіз­дікті қам­та­ма­­сыз ету үшін мем­лекет­тің жа­ңа технология­лық мүм­кін­дік­терін құ­руға бағыттал­ған саланың тұжы­рым­дамалық негіз­дері жүзеге асырылуда.

Министрліктің басты жұмыс бағыт­тары қатарына Қазақ­станның қор­­ғаныс пен ұлттық қауіпсіздік сала­­сындағы мәсе­лелерді шешу үшін қару-жарақ­тың жаңа және перс­пек­тивті түр­лерін, техниканы өн­­д­і­рудің және қызметтерді көр­сету­­дің толық циклін басқару да жатады.

«Егемен-ақпарат»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар