Қазақстан • 26 Ақпан, 2018

Патриоттыққа тәрбие партадан басталады

1080 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Патриотизм – рухани жаңғырудың берік іргетасы» атты ІІ Республикалық жас патриоттар форумы болып өтті. Оның жұмысына Қазақстан патриоттары академиясының мүшелері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджерлері, қаһармандық іс жасаған оқушылар және «Мен – өз елімнің азаматымын!» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары қатысты.  

Патриоттыққа тәрбие партадан басталады

Аталған шарада қаһар­мандығымен ерекшеленген оқушыларды және белгілі бір жетістікке қол жет­кізген балдәурендік жас патриоттарды академия мүшелігіне қабылдау рәсімі болып өтті. Жал­пы соңғы екі жылда «Балдәурен» респуб­ли­ка­лық оқу-сауықтыру орта­лығында мектеп оқу­шы­ларына патриоттық тәрбие беруде біраз шаруа атқарылған. Үлкен ізде­ністердің нәтижесінде қазақ­стандық жас патриоттар академиясының сапына 1442 оқушы мүшелікке қабылданыпты. Солардың қатарында жаңадан қабыл­данған екі оқушы ерекше атауға тұрарлық. Бірі Алматы қаласының оқу­шысы Кондрат Миль болса, екіншісі Ақ­мола об­лысының оқу­шысы Ұл­дана Совет. Соңғы­сы­ның ерлік ісің айтқанда еріксіз басыңды иесің. Ол өртеніп жатқан үйден інісі мен сіңлісін аман алып шыққан. Қазір Ұлдана Көкше­тау мектептерінің бірінде үшінші сыныпта оқиды.

Мүшелікке қабылдан­ғандар арасында, сонымен қатар «Мен – өз елі­м­нің аза­матымын!» атты рес­пуб­ликалық бай­қаудың 25 жеңімпазы да бар. Байқауға елі­міздің түкпір-түкпірінен 157 мектеп оқушысы өз жұмыс­тарын жолдаған. Ал «Рухани жаңғыру» бағ­­дар­­ламасының негізгі мін­­деттерін жүзеге асыру бойынша өткізілген үнқатысу алаңына 500 делегат жиналғаны мәлім болды. «Балдәурен» РОСО бас директоры Мұхитдин Төлепбай форум қатысу­шыларына арнаған сөзін­де олар­дың алдағы уақытта қазақстандық жалпы­ұлт­тық құндылықтарға және мемлекет алдына қойыл­ған міндеттерге атсалысатындарына сенім білдірді.

«Біз сіздердің форум­да инновациялық идея­ларыңызды қалып­тастыру мен ұсыну бойынша құнды тәжірибе алатын­дарыңызға, ересектердің ұстанымдарын еститін­деріңізге сенімдіміз. Форум жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесін да­мы­туға, және «Руха­ни жаңғыру» бағ­дар­­ламасының негізгі мін­­деттерін жүзеге асы­руға өз үлесін қосатын делегаттардың сұхбат ала­ңына айналуы тиіс. Осы отырған патриоттардан үлкен үміт күтеміз. Енді 15-20 жылдан кейін елге қызмет жасайтын нағыз патриоттар сіздерсіздер деп ойлаймын», – деді М.Тө­лепбай. Бұдан басқа, шара аясында Алматы облысы Жаркент қаласының балалары «Ту­ған жер» бағдарламасы бо­йынша өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бө­лісті. Одан кейін бала­ларға арналған қазақ эстра­­дасының өнер­паз­дары­ның концерті болып, ол қатысушыларға көте­ріңкі көңіл-күй сыйлады. Және де «Қазақ хал­қының ұлттық ойындары» спорттық ойындары да форум бағдарламасына еніп, балаларды бір сер­піл­тіп тастады. Оның арты «Қазақ елі осындай!» спорт­тық флешмобқа ұласты.

Шара аясында «Бақыт­ты болып жүргенім – сенің арқаң, Ұлы Отан!» деп аталған топтық жұ­мыстар көрсетіліп, Қазақ­станның көрікті жерлері көрініс тапқан пазлдар жи­налды. Сондай-ақ па­триот­тық тәрбие бойын­ша «Инновациялық ойлар банкін» құру бойынша жұ­мыстар қорғалды. Мұның барлығы да бала­лардың ойында жақсы әсерлер қалдырып, олар­дың отан­сүйгіш әрі бауырмал болып қалып­тасуына өзіндік оң әсерін бергені анық.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы