Қазақстан • 26 Ақпан, 2018

Қыздардың күрес академиясы ашылды

143 реткөрсетілді

Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен қыздар күрес академиясының таныстырылу рәсімі өтті.   

Бұған дейін мұндай орталық тек Алматыда ғана болатын және ол еркін күрес шеберлеріне арналған. Ал бұрымды спортшылардың академиясы алғаш рет құрылып отыр. Яғни елорданың орталығында орналасқан спорттық кешен енді ұлттық құрама мүшелеріне жыл он екі ай қызмет көрсетеді. Оқу-жаттығу жиындарына ыңғайлы болу үшін мұнда жеке жаттығу залы, өз қонақүйі және асханасы бар. Ал үлкен залға төселген боз кілемде негізгі жаттығу жұмыстары жүреді. Қазірдің өзінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Құрлықтық дода 27 ақпан мен 4 наурыз аралығында Бішкекте өтеді.

Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сағадиев бұл академияның ұлттық құрамадан тыс қалған қосалқы құрамның балуандары үшін өте қолайлы дейді. «Бұл академияның мақсаты – алдымызда өтетін Азия ойындарына, әлем чемпионаттары мен 2020 жылы Токиода өте­тін Олим­пиада ойындарына ұлттық құрам­адан басқа қосалқы коман­даның ше­берліктерін дамыту. Жа­рыс­тардан келгеннен кейін коман­дамен талдау жасаймыз», дейді ол.

Академияның ашылу рәсіміне грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының әйелдер күресі бойынша вице-президенті Гузель Манюрова, Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев, бокс­тан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев пен жеңіл атлетикадан Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Шишигина қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Әдеби өлкетану» - жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 09:30

Біз - «BIRGE»!

Сайлау • Кеше

Ұқсас жаңалықтар